Телефон : +7 (7132) 740 440

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ

«Ақтөбе» индустриялық аймағы

Индустриалдық аймақ Ресей Федерациясының (Орынбор облысы) шекарасынан 97 км-де, қала орталығынан 5 км-де, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолында, Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Индустриалдық аймақта ИА сыртқы шекарасына дейін және ИА орталық осьі бойынша дайын өнеркәсіптік инфрақұрылым (т/ж, автожол, газ құбыры, электр желісі, ОВЛС) бар.  Инфрақұрылымға қосылу - тегін.  Пайдаланылған қызметтерді төлеу - есепке алу аспабы бойынша.  ИА басқарушы компаниямен жеке шарт бойынша инфрақүрылымға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар. Индустриалдық аймақтың инфрақұрылымы пайдалануға берілді және жоба бойынша жер учаскесін орналастыруға беруге дайын. ИА қатысушысы - өз қаражаты есебінен өзінің жер учаскесінде (сатып алынған/жалға алынған) инфрақұрылым нысандарын жасайды.

Индустриалдық аймақтың алаңы - 200 га

Индустриалдық аймақтың негізгі артықшылықтары:

  1. дайын өнеркәсіптік инфрақұрылым;
  2. энергия ресурстарына төменгі тариф;
  3. инвесторлар алдындағы икемділік;
  4. қолайлы көлік логистикасы;
  5. "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды қолдау;

Индустриалдық аймақты басқару

Индустриалдық аймақты басқару органы Инвестициялық Даму Басқармасы (ИДБ), «СПК Актобе» АҚ және «УКИЗ» ЖШС (УКИЗ-"Ақтөбе" индустриалдық аймақты басқару компаниясы), «СПК «Актобе» АҚ еншілес компаниясы болып табылады.

Инвестициялық жоба келесі шарттарға жауап беруі тиіс:

  1. Еңбектің жоғарғы өнімділігін және экологиялық талаптарды қамтамасыз ететін заманауи технологияларды және жабдықтарды қолдану;
  2. Өнімдердің/қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі;
  3. Өнімдердің/қызметтердің экспортқа бағдарлануы немесе импорттың орнын басуы;
  4. Аймақтағы аналогтық өнімнің болмауы;
  5. Жақсы тәжірибе және жобалық компанияның беделі;
  6. Жобаны толық көлемде қаржыландыру көзінің болуы.

ИА маңызды қызмет түрлері:

  1. Мұнай және газ жасау;
  2. мұнай газ машина жасау
  3. мұнай газ сервисі
  4. тау-металлургиялық кешен;
  5. химия өнеркәсібі;
  6. құрылыс материалдарын өндіру;
  7. көлік логистикасы;
  8. "Ақтөбе" ИА кәсіпорнына арналған сервистік қызметтер.

Индустриалдық аймақтың қатысушысы ретінде мақұлдау және тіркеу процедуралары

Жобаны пайдалануға іске қосқаннан кейін:

Жалға алу құны жер учаскесінің кадастрлық құнынан 1/20 формула бойынша плюс тиісті жылға белгіленген жер салығының мөлшерлемесі бойынша белгіленеді.

Жалға алу құны қосалқы жалгерлік шартын жасаған күні белгіленген жер учаскесінің кадастрлық құнынан 1/20 формула бойынша плюс тиісті жылға белгіленген жер салығының мөлшерлемесі бойынша белгіленеді.(2019 жылға - шамамен 800 мың теңге (2200 $) /1га/жыл)

Жер учаскесін сатып алу құны жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасаған күні жер учаскесінің кадастрлық құны бойынша белгіленеді (2019 жыл - шамамен 13,0 млн.Т ((36000 $) /1га).

Минималды сатып алу/жалға алу алаңы 1 га, максималды алаңы 20 га.

ИА қатысушысына-инвесторына арналған ақпарат

ИА қатысушысы - өз қаражаты есебінен өзінің жер учаскесінде (сатып алынған/жалға алынған) инфрақұрылым нысандарын жасайды. Жобаны іске қосқанға дейін (4 жылдан көп емес):

ИА қатысу шарттары

Индустриалдық аймақтың қатысушысына қойылатын талаптар және ИА аймағында орналастыруға қатысушылардың инвестициялық жобаларын іріктеу критериясы.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

  1. ИА қатысушысы ретінде өзін тіркеу туралы ИИДБ өтініш беру;
  2. басқарушы компнаияның тиісті құжаттарды қарастыруы: ИА орналастыру үшін жобаның маңыздылығы, Қазақстанның индусрияландыру картасының талаптарына сәйкес болу, жер учаскесінің сұралатын аймағның инвестициялық жобаның қажеттіліктеріне негізділігі, Ақтөбе облысының аумағында аналогтық өнімнің өндірілмеуі;
  3. жоба бойынша нұсқаулар алу үшін өңірлік координациялық кеңеске (ӨАК) сұрақтар енгізу;
  4. ӨАК оң ұсыныс берген жағдайда жобаны «ӘКК «Актобе» АҚ-ға жобаны бекіту туралы мәселені ұсыну;
  5. ӘКК ДК, ИИДБ оң шешім қабылдаған жағдайда ИА раумағында өтініш беруші және басқарушы компания инвестициялық жобаны жүзеге асыру шартына қол қою тиіс мерзімді көрсетіп өтініш берушіге оферта жібереді;
  6. жерді жалға алу - тегін;
  7. жер салығы –101 мың KZT ($ 270) /1 га /жыл;
  8. Инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін (нысанды пайдалануға іске қосу және өнімдерді шығаруды бастау), ИА қатысушысы жер учаскесін сатып алуға немесе ұзақ мерзім бойына жалға алуға құқылы;
  9. Жобаны жүзеге асыру кестесі орындалмаған жағдайда жер учаскесі қолданыстан шығарылады;
  10. Мемлекет инфрақұрылымды қамтамасыз етеді (т/ж, автожол, газ құбыры, электр желісі, ОВЛС) бар. Инфрақұрылымға қосылу - тегін;
  11. Пайдаланылған қызметтерді төлеу - есепке алу аспабы бойынша;
  12. ИА басқарушы компаниямен жеке шарт бойынша инфрақүрылымға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар;
  13. Бастапқыда жер учаскесі ИА қатысушысына 49 жылға дейін жалға беріледі;
  14. Инвестициялық жлбаны жүзеге асыру кестесі көрсетіліп инвестициялық келісімшартқа қол қойылады. Нысанның құрылысы барысында - 4 жылға дейін ИА қатысушысы жерді тегін жалға алады, тек қана жер салығын төлейді;
  15. жеке кәсіпкер, заңды тұлға;
  16. жобаны жүзеге асырудың бекітілген кестесін жасау (ИА өтініш берушісінің және басқарушы компанияның арасындағы жобаны жүзеге асыру шартында көрсетіледі);
  17. Жобаны жүзеге асыру мерзімін бұзу ИА басқарушы компанияға өтініш берушінің шығындарын өтеместен шарт міндеттемелерін тоқтатуға құқық береді;
  18. алдыңғы технологияларды қолдану, жоғары қосылған құн, өнімге сұраныс, өнімді қайта жасау деңгейі, экспортқа шығу мүмкіндігі, экономикалық, бюджеттік, Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік әсерлер.

Инвестициялық жобаның негізгі қаражатына (CAPEX) өтініш берушінің өзінің және тартылған инвестициясының көлемі оған бөлінген жер учаскесінің 1га алаңына 120 млн. теңгеден (325 мың $) кем болмауы тиіс.