Телефон : +7 (7132) 740 440

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын ілгерілетуге бағытталған жұмыстармен танысуда. Бүгін өндіріс саласының әлеуетін бағамдау мақсатында Ақтөбенің индустриалдық аймағында болды. Жұмысы жүріп тұрған зауыттар және жаңа салынып жатқан кәсіпорындарды, логистикалық ғимараттарды көрді. Жалпы көлемі 200 гектарға созылған индустриялдық аймақта инвесторларға жасалған мүмкіндік жоғары. Бұл Ақтөбенің өндірістік өңір ретіндегі әлеуетін арттыра түспек деді депутаттар.