Телефон : (7132) 74 20 48

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ (ЦОИ) 

ЦОИ негізгі мақсаты Ақтөбе облысының экономикасына инвестицияларды тарту болып табылады. ЦОИ инвесторлар үшін «бір терезе» қызметі, инвесторларға бірқатар қызметтерді көрсете алады. 

ЦОИ қызметіне төмендегі қызметтер түрлері кіреді:

  • Әлеуетті шетелдік және қазақстандық инвесторларды әуежайда қарсы алғаннан бастап жобаның жүзеге асырылуына дейін сүйемелдеу;
  • Бизнес объектілерді жобалау, құру, пайдалануға беру үшін қажетті техникалық шарттар мен рұқсат құжаттарды алу;
  • ЦОИ ғимаратында инвесторға мемлекеттік органдармен, монополисттермен, жекешілік компаниялармен қажетті кездесулерді ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлардың арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға қолғабыс ету;
  • Техникалық шарттарды, рұқсат құжаттарды және мемлекеттік қолдау аспаптарын алуға қолғабыс ету;
  • Өңірлік деңгейде инвестициялық ахуалды жақсарты бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестиялық форумдарды/көрмелерді ұйымдастыру;
  • Халықаралық инвестициялық шараларда өңір мүдделеріне өкілеттік ету;
  • Өңірдегі жобалар үшін қаржыландыру көздерін іздестіру, қазақстандық және шетелдік тараптардың арасында бірлескен кәсіпорындарды құру үшін әлеуетті инвесторларды, серіктестерді іздестіру;
  • Инвесторларға өңірдегі инвестициялық жобаларды көрсету;
  • Өңірдің инфрақұрылымы, қаржыландыру үшін инвестициялық жобалар, келешегі бар жобалар, бос кен орындары және т.б. туралы ақпарат беру;
  • Әлеуетті инвесторлар үшін келешектегі және әрекеттегі жобалар бойынша өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;
  • Облыс аумағында ЦОИ құзыретіне кіретін инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бақылау және сүйемелдеу;
  • Инвестициялық преференциялар, мемлекеттік қолдау шаралары, салықтар және т.б. төлемдер бойынша кеңес беру қызметтері;
  • Өңірдің экономика салалары, облыстың экономикалық және өнеркәсіптік әлеуеті бойынша маркетингтік ақпаратты ұсыну;
  • Жергілікті кәсіпкерлер үшін инвестицияларды тарту және оларды тиімді пайдалануға қатысты үйретуші семинарларды өткізу;
  • Шетелдік инвесторларға барлық құралдармен жабдықталған уақытша жұмыс орнын беру;
  • ЦОИ есебінен кіріс корреспонденцияны қабылдауды қамтамасыз етумен уақытша заңды мекенжайын ұсыну;
  • Инвесторларды сервистік қолдау аясында өзге қызметтерді көрсету.

 

ЦОИ негізгі мақсаты Ақтөбе облысының экономикасына инвестицияларды тарту болып табылады. ЦОИ инвесторлар үшін «бір терезе» қызметі, инвесторларға бірқатар қызметтерді көрсете алады.