Телефон : +7 (7132) 740 440

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ

Шетелдік инвесторлар 201 миллион теңге қаражатқа жаңа өндіріс орнын ашуды көздейді. Сәйкесінше жергілікті билік индустриалды аймақтан жер телімін бөліп, тиісті инженерлік желілермен қамтуды мойнына алған. Жаңа кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс. Алғашқы өнім желтоқсан айында дайын болады. Көтеру механизміне сұраныстың болары анық. Себебі Ақтөбенің өзінде 300-ге жуық лифтті жедел ауыстыру қажет. Мамандар бұл инвестициялық жобаның болашағы бар дейді. Дәнекерлеу және табақ ию цехтарында әзірге 20 азаматты жұмыспен қамту көзделген. Себебі бастапқы кезеңде Ақтөбеде тек лифт кабиналары, есіктері, арқандар және жақтаулар жасалатын болады. Ал негізгі құрамдас бөлшектері Беларусь елінен жеткізеледі. Әнуар Асылов, «Ақтөбе» ӘКК департамент директоры: – Цехтің бастапқы кезеңін жүзеге асыруға барлық жағдай бар. Дайын өнімнің құрамдас бөлігінің әзірге тек 30 проценті жергілікті болады. Алдағы 2-3 жыл ішінде бұл көрсеткіш 80 процентке жетуі тиіс. Кез келген инвестор өндірісті кеңейтуге мүдделі екендігі ақиқат. Сондықтан кең көлемді зауыт құрылысы мәселесі тек сұранысқа ғана байланысты болады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/314968-a-t-bede-lift-rastyru-zauyty-salynady